Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі Департаменті әскери қызметшілерге әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында семинар өткізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау гарнизоны баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру мақсатында ақпараттық-ағартушылық штаб, Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің қатысуымен «Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны, сондай-ақ парақорлыққа делдал болғаны үшін жауапкершілікті күшейту» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
«Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін заң бойынша сотталған адамдарға мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды қолдануға тыйым салу туралы, пара берушілер мен пара алушыларды қатаң жазалау туралы, Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық үшін жазаны күшейту туралы ақпараттар айтылды», - дейді Ақтау гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы капитан Шалабаев Нұрбол.
Семинардың негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде жаңа білім алу, сондай-ақ әскери қызметшілерге өмірде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерімен жанаспауға көмек көрсету