• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 24 Қаңт. 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Н.Жантөрин театрының директоры тағайындалды...

Ақтау қалалық мәслихатының І сессиясы өтті...

Түпқарағандық жігіт Венгрияда ұшқыш мамандығын меңгеріп жүр...

Қала тұрғындары сайлауда белсенділік танытып жатыр...

Теңіз жағалауынан өлі үйректер табылды (ФОТО)...

  • USD: 419.69 ₸
  • EUR: 510.89 ₸
  • RUB: 5.63 ₸

Маңғыстау облысында  44 діни бірлестік бар

8 қаңтар, 15:03  |  Маңғыстау жаңалықтары

Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы дін істері басқармасының басшысы Мақсатбек Маханбетов айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Оның ішінде, 33-і Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы, біреуі православтық, біреуі римдік-католиктік, 8-і протестанттық, біреуі кришнаидтік діни бірлестігі.

Маңғыстау облысы дін істері басқармасының басшысының айтуынша, облыс тұрғындарының басым бөлігі мұсылмандар мен православ христиандарынан құралған. Өңір бойынша 36 ғибадат үйі жұмыс істейді (мешіттер – 33, православ шіркеуі – 1, «Маңғыстау облысындағы Христиандық Жаңа апостолдық шіркеуі - 1, «Рақым сөзі» Інжілдік Мәсіхші Баптистер қауымының шіркеуі -1). Облыс аумағында миссионерлік қызметті 16 азамат жүзеге асырады ( 3 шетелдік және 13 қазақстандық): римдік католиктік-3 (Белорусь, Польша,Қазақстан), «Ақтау Кришна санасының бірлестігі» -13 (Ресей, Қазақстан).

«Маңғыстау облысындағы діни ахуал тұрақты. Конфессияаралық қақтығыс оқиғалары орын алмады. Жалпы діни ахуал үнемі бақылауда. Қазір Маңғыстауда 8 мешіттің құрылысы жүріп жатыр. Қосымша 5 (Ақтау қ., Баутин е.м., Маңғыстау-5 е.м., Қызан е.м., Теңге е.м.) мешіттің қажеттілігі туындап отыр. Дін істері басқармасы мешіт құрылыстарына қатысты талдау, реттеу жұмыстарын өз бақылауында ұстайды. Әкімдіктің арнайы шешімінсіз мешіт құрылысын жүргізуге жол берілмейді», - деді М. Маханбетов.

2020 жылы дінге қатысты 15 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде 12 азаматқа жалпы соммасы 1 324 550 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бесеуі рұқсатсыз діни әдебиет таратқаны үшін, алтауы діни рәсімдерді өткізу талаптарын бұзғаны үшін, 2 әлеуметтік желіде діни материалдарды жариялағаны үшін, 2 мешіттің қызмет жасауына кедергі келтіргені үшін жауапкершілікке тартылған.

Облыста 8 ақпараттық түсіндіру тобы (бұдан әрі-АТТ) жұмыс істейді. Ақпараттық түсіндіру тобының құрамына мемлекеттік қызметшілер, діни бірлестіктер, ҮЕҰ, ардагерлер, БАҚ, мәдениет және спорт өкілдері, жастар ұйымдары, құқық қорғау органдары, дінтанушы және теологтар, ҚХА өкілдері кіреді.

«Еліміздегі карантин жағдайына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары онлайн («ZOOM» платформасымен) және офлайн кездесулер арқылы өткізілді. 2020 жылы АТТ 251 офлайн, 326 онлайн іс-шара жүргізді. Оған 35 324 адам қамтылды (оффлайн – 11 244, онлайн - 24 080). Мақсатты аудиториясы колледж студенттері, әскери бөлімнің қызметкерлері, сауда орталықтардың сатушылары, емхана қызметкерлері, мектеп оқушылары және ұстаздар, мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері мен жастар орталықтары болды», - деді Мақсатбек Маханбетов.

Сондай-ақ, діни экстремизм идеологиясына қарсы ақпараттық бұйымдар дайындау бағытында 129 кітап, 4 000 буклет сатып алынып, «Ашық аспан» акциясы аясында көпшілікке таратылған.

2020 жылы «Интернет терроризм», «Діни фанатизм», «Дисфункциональная семья», «Откровения» секілді бейнематериалдар жинақталып, облыстық «Маңғыстау» телеарнасында «Сирия сергелдеңі» тақырыбымен журналисттік зерттеулер жүргізіліп, 22 бейнебаян әлеуметтік желілерде жарияланған.

Баспасөз конференциясына Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің бас имамы Әнуар Елжанов та қатысты.

«Дәстүрлі емес діни ағым өкілдерімен жүргізілген жалпы профилактикалық іс-шаралар бойынша 39 кездесу өткізіліп, 500-ге жуық адам қамтылды. Жеке кездесулер саны – 63. Аталмыш кездесулердің нәтижесінде 62 адам дәстүрлі ханафи мазһабына бетін бұрса, соның ішінде 4 адам толық оңалды», - деді Әнуар Елжанов.

Оның мәліметінше, Маңғыстау облысында 36 мешіт бар. Оның ішінде Ақтау қаласында 2, Жаңаөзен қаласында 5, Қарақия ауданында 4, Мұнайлы ауданында 6, Маңғыстау ауданында 9, Бейнеу ауданында 6 және Түпқараған ауданында 4 мешіт. Діни нысандарда 120 имам-ұстаз қызмет етеді.

Пандемия кезінде Маңғыстау облыстық мешіттері мен «Зекет» корпоративтік қоры 1 350 қап ұн таратты. 2020 жылы 19 616 отбасыға көмек беріліп, қайырымдылық жұмыстары нәтижесінде 41 004 000 теңге жиналды.

219
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Маңғыстауда кеше 17 адам коронавирустан жазылды

Келесі жаңалық

Маңғыстауда ІІІ тоқсаннан бастап кезекші сыныптар ашылады

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      Астана - 20 Қарақия Анықтама бюросы Редакция Жаңаөзен - 50 жыл Маңғыстау Бейнеу Байланыс мәліметтері Тағайындау Денсаулық Маңғыстау жаңалықтары Қазақстан жаңалықтары

    Автордың басқа да жазбалары

    Карантинге қатысты жаңа қаулы жарияланды

    8 қаңтар, 17:55
    247

    Маңғыстауда ІІІ тоқсаннан бастап кезекші сыныптар ашылады

    8 қаңтар, 15:28
    232

    ​​​​​​​Каспий теңізінде құтқарылған Түркия азаматы еліне қайтарылды

    6 қаңтар, 14:25
    273

    ЭЦҚ мерзімін қалай ұзарту керек?

    5 қаңтар, 12:00
    187

    Маңғыстаулық Руслан Сариев ЕFC турниріне қатысады

    5 қаңтар, 09:51
    355

    Мұнайлыда мейрамхана шағын дүкенге айналды

    [ 2020 ] 31 желтоқсан, 15:22
    207

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»