ЭЦҚ мерзімін қалай ұзарту керек?
5 қаңтар, 12:00 | Біле жүріңіз
Ең алдымен сіздің телефоныңызға ЭЦҚ мерзімінің аяқталып қалғаны жайлы SMS-хабарлама келеді. Ақпаратты тексеру үшін Ұлттық куәландыру орталығының pki.gov.kz порталына кіріп, жеке кабинетіңізден ЭЦҚ-ның жарамдылық мерзімін тексеріңіз. Одан әрі:
- Қолданыстағы ЭЦҚ-ңызға қатысты барлық деректерді толтырыңыз;
- «Кілттер тізімін жаңарту» батырмасын басыңыз. ЭЦҚ құпиясөзін дұрыс енгізген кезде аутентификация кілті бейнеленеді. Қол қойып, әрі қарай жұмысқа кірісеміз;
- ЭЦҚ кілттерімен жұмыс істеу үшін «Менің ЭЦҚ кілттерім» бөліміне көшеміз.
- Ашылған мәзірден «ЭЦҚ кілттерін қайта шығару» тармағын таңдаңыз.
- Негізгі жолдарды толтырыңыз, «Өтінім беру» батырмасын басыңыз, растаңыз және оған қол қойыңыз;
- ЭЦҚ-ны сақтау үшін компьютерді таңдасаңыз, онда құпиясөз ойлап табыңыз және енгізіңіз, одан кейін «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.
Есіңізде болсын
- Мобильді азаматтар базасында тіркелмеген болсаңыз SMS-хабарлама келмейді;
- Құпиясөзде төменгі және жоғарғы регистрдегі латын әріптері, сондай-ақ сандар болуы тиіс;
- Құпиясөздің ұзындығы кем дегенде 6 таңбалы болуы керек.
Электронды цифрлық қолтаңбаны өзге адамдарға беруге болмайды. Егер берсеңіз, ол адам сіздің дүние-мүлкіңізге және барлық заңды әрекеттер жасау құқығыңызға ие болады.
186
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.