Бүгін Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай киокушинкай-каратэ бойынша жас спортшыларға «Қазақстан Республикасының спорт шебері» дәрежесін табыстады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
Марапат Қадыржан Жұбатыр, Игорь Япрынцев, Саламат Демеуов, Балнұр Орынбасарова, Амангелді Бегельдин, Ерлан Орынбасаровқа берілді.
Олар 60-90 келі аралығындағы салмақ дәрежесі бойынша түрлі жарыстарда бақ сынып, еліміздің туын әлемдік деңгейде желбіретіп жүр.
Қала әкімі спортшыларды келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, алғысын білдірді.
«Сіздерге үлкен ризашылығымды білдіремін. Әрдайым еліміздің туы биіктей берсін, жеңісті шақтарыңыз көп болсын!» - деді Нұрдәулет Қилыбай.