Жаңа жыл қарсаңында Маңғыстау облысының іскер әйелдер қауымдастығы сырқаттанып жатқан балаларға қуаныш сыйлады. Олар облыстық балалар ауруханасының қабырғасына ертегі кейіпкерлерін бейнеледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қабырғаға салынған суреттерден айболит, ақкөңіл үкі сияқты көптеген ертегілер кейіпкерін кездестіруге болады. Мамандар суреттерді салуға үш апта жұмсаған. Картиналарды әрлеу жұмыстарына 10 литр бояу кеткен. Емделіп жатқан балалардың көңілін көтеру үшін ашық түстерді қолдануға тырысқан.
Айта кетейік, аймақтың іскер әйелдер қауымдастығы пандемия кезінде көптеген қайырымдылық шараларды іске асырды. Дертке қарсы күрескен ақ халаттыларды ыстық тағаммен қамтып, қажетті заттармен қамтамасыз еткен.
Ал аурухана басшылығы іскер ханымдарға Алғыс хат табыстады.