Маңғыстау ауданында 80 кг салмақ дәрежесінде қол күресінен аудандық жарыс өтті. Бұл туралы Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Маржан Дуланова мәлімдеді.
Жарысқа 30-ға жуық жас спортшы қатысты.
«Қол күресі – Қазақстанда ұлттық спорт дәрежесіне көтерілген спорт түрінің бірі. Алайда білектілер бәсекесінің де өзіндік қыр-сыры бар. Ал үстел теннисі - қол, көз кординациясын жақсартады. Ақыл-ойды сергітеді. Ойлау, дене қозғалысы шапшаңдығын арттырады. Осы жарысқа ауданнан 10 адам қатысты»,-деді Маржан Дуланова.
Бұдан бөлек Шетпе ауылдық жастары арасында шағын футболдан аудандық жарыс ұйымдастырылды. Бұған 9 команда қатысып, жеңімпаздар марапатталды.