Маңғыстау облысында Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1,2 млрд теңге қарастырылды. Ауылдық елді мекендерде және моно қалаларда жұмыссыздықты жою, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 1,2 млрд теңге берілді. 259 шағын несие берілді, 329 жаңа жұмыс орны ашылды.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын несиелерді ішінара кепілдендіру бойынша 14 адамға кепіл болғаны үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына 8,7 млн теңге төленді.
Айта кетейік, биыл ауыл шаруашылығын дамытуға 3,1 млрд теңге бөлінген болатын.