Биыл «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында шағын несие беруге, агроөнеркәсіп саласын қолдау және одан әрі дамытуға, азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандаруға 3,2 млрд теңге қаражат бөлінді. Оның 3,1 млрд теңгеге 648 АӨК субьектісіне қолдау көрсетілді.
ҚР Агроөнеркәсіптік кешен саласын дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 865,1 млн теңге қаражат бөлінген. 11 айдың қорытындысы бойынша 342 АӨК субьектісі 842,3 млн теңгеге субсидияланды.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұлдың айтуынша, «Тыңайтқыштар құнын субсидиялау» бағдарламасы бойынша 31 ауыл шаруашылығы тауар өндірушіге 12,3 млн теңге субсидия берілді.
«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау» бағдарламасы бойынша 5 ауыл шаруашылығы тауар өндірушіге 14,9 млн теңге субсидия берілді.
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасы бойынша 26 ауыл шаруашылығы тауар өндірушіге 91,9 млн теңге субсидия берілді.
«Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» бағдарламасы бойынша 128 ауыл шаруашылығы тауар өндірушіге 100,6 млн теңге субсидия берілді.
«Агроөнеркәсіп кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» бағдарламасы аясында 187 ауыл шаруашылығы тауар өндірушіге 603,4 млн. теңге субсидия берілді. Оның ішінде жайылымдық алқаптарды суару мақсатында қазылған 44 құдық (скважина) 97,9 млн теңге субсидия төленді.