«Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткен тікелей эфир барысында әйелдер кәсіпкерлігінің бүгіні сарапқа салынды, болашағы талқыланды.
Елдегі шағын және орта кәсіп нысандарының 41%-ын әйел басқарады. Көбі ірі зауыттар мен банктердің басшылығында жүрсе, енді бірқатары кәсіп ашып, жетістіктерге жетіп отыр.
Осы орайда Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Т.Едігеев, Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Ш. Гусейнов, Ақтау қалалық филиалының Саяси кеңес мүшесі Ғ.Әбдісадықов және «Асем-Береке» базарының директоры Ш.Картбаева қатысты. Қатысушылар әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға қатысты өз ой-тұжырымдарымен бөлісті. Эфир барысында қала тұрғындар сұрақ қойып, көкейде жүрген сұрақтарға жауап алды.