«Jas Otan» жастар қанаты Маңғыстау облыстық филиалы «Адалдық елшілері» атты акцияны бастады. Аталмыш акцияның мақсаты - жастарды адалдыққа, әдептілікке, алдау және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзімділік танытуға тәрбиелеу.
Акция аясында Маңғыстау жастары әлеуметтік желілерде адалдыққа тәрбиелейтін инфографикалар орналастырды.
Адалдыққа тәрбиелейтін инфографика
Акцияны қолдау мақсатында Түпқараған, Қарақия ауданының және Ақтау, Жаңаөзен қаласының жастары аталмыш тақырыпта ZOOM платформасы арқылы вебинарлар ұйымдастырды. Вебинар барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық түрлері, жіктелуі және сыбайлас жемқорлыққа әсер етуші факторлар туралы айтылды.
Айта кетейік, жыл соңына дейін акция түрлі форматта жалғасатын болады.