Маңғыстау облысы тарихында тұңғыш рет «Боранқұл» жайдарман құрамасы Қазақстанның жоғарғы лигасында жеңіске жетті. Кеше команда қатысушыларын Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов қабылдап, жеңістерімен құттықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңір басшысы бұл жеңіс тек команда үшін ғана емес, бүкіл облыс үшін маңызды жетістік екенін атап өтті. Сондай-ақ, жастарға ұтымды әзіл мен сүбелі сөзбен халықтың көңілінен шығып, жаңа жетістіктерге жетулеріне тілектестігін білдірді.
Жоғарғы лигада үздік команда атағы үшін барлық аймақтардан келген 28 ұжым қатысып, олардың бесеуі ғана финалға жетті. Айта кетсек, «Боранқұл» құрамасы бұған дейін аталған сайыста 2011 жылы «Барыстар» командасы ІІІ орын, 2019 жылы «Боранқұл» құрамасы ІІ орын, Жаңаөзендік «Мұнай тамшылары» ІІІ орын алған болатын.
Жиын соңында аймақ басшысы жайдарманшыларға өңірдің мәдениетіне қосқан үлесі үшін алғыс хатымен марапаттады.