Республикалық "Жайдарман" лигасының тарихында алғаш рет маңғыстаулық “Боранқұл” командасы чемпион атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Чемпион команданың құрамы 5 ойыншы, 1 музыкамен әрлеушіден құралған.
Сайдың тасындай тізілген әзілқой жігіттер алғаш рет 2012 жылы Атырау қаласында өнер көрсеткен. 2013 жылы Республикалық Батыс орталығы Лигасында Чемпион атанып, премьер-лигаға жолдама алады.
2014 жылдан бастап Ұлттық телеарна арқылы көрсетілетін телевизиялық жобада ойын көрсетіп, финалист атағын иеленген.
2019 жылы Жоғары Лиганың Вице чемпионы болған үздіктер, биыл Республикалық жоғары лигада намысты қолдан бермей Чемпион атағын алды. “Боранқұл” командасын жеңісімен құттықтаймыз!