Жыл сайын Маңғыстау облысына келетін турист саны артып жатыр. Биыл жазда әр аймақтан өңірге келген демалушы көп. Басты себеп пандемия болса, екіншіден нарықта пайда болған лоукостердің тиімді қызметі аймақ туризімін дамытуға септігін тигізіп отыр. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте «FlyArystan» әуе компаниясының баспасөз хатшысы Ләззат Набиева мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның айтуынша, халық әуе билеттерін теміржол билетінің құнымен сатып ала бастады. Осылайша, 21 маусымнан бастап еліміздің тұңғыш отандық лоукостері – «FlyArystan» әуе компаниясы Ақтауға Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтөбе мен Орал қалаларынан 4999 теңгеден бастап сатыла бастады.
Аталған лоукостер бірнеше ай ішінде маңғыстаулық 140 мыңдай жолаушыға өз қызметін ұсынды. Келешекте бағыт саны көбейген сайын ұсынылатын қызметтердің саны да артады.
Қазіргі таңда тұрақты рейстерді «Airbus A320» әуе лайнерлері орындап жүр. Лоукостер флотында олардың саны 7 болса, оның екеуі Атыраудан батыс қалаларды өзара байланыстырады. Ұшақтар эконом-классты 180 орындықпен жабдықталған. Оларды 10 жылдық тәжірибесі бар кәсіби ұшқыштар жүргізеді.
«Еліміздің лоукостері – отандық әуе компанияның еншілес компаниясы болғандықтан, «FlyArystan» қауіпсіздік стандарттарына жоғары көңіл бөледі және «Air Аstana» компаниясының инженерлік тобының қызметтеріне жүгінеді. Қолжетімді әрі жоғары сапалы қызметтерді ұсына отырып, бюджеттік компания билеттерді ертерек flyarystan.com сайтында немесе компанияның мобильді қосымшасында брондауға кеңес береді. Себебі сатылым 2021 жылдың 27 наурызына дейінгі сапарларға ашық. Сондықтан мейрам және демалыс күндерге арзан билеттер таусылуы мүмкін. Сондай-ақ минималды баға құнына әуе сапар мен 5 кг қолжүгі ғана кіретінін ескертеміз. Барлық қосымша қызметтерді жолаушылар бөлек сатып алулары қажет», - деді Ләззат Набиева.