Маңғыстауда 9 қарашадағы жағдайға сәйкес I-II деңгейлі инфекциялық стационарларда 65 адам ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, стационардағы 65 науқастың үшеуі ПТР тестін тапсырған. Сынама оң нәтиже көрсеткен. Қазіргі уақытта орта дәрежелі жағдайда 54, ауыр халде 11 науқас бар. Бұл бөлімге түскен науқастардың жағдайы нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп болған. Аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 19% құрайды.
Облыс көлемінде 335 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Реанимациялық төсек саны 43. Ал, анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.
Айта кетейік, 9 қарашадағы жағдай бойынша жаңадан ашылған модульдік стационарға 3 адам жүгінген. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Екеуі амбулаториялық ем қабылдауға жолданған. Емдеу мекемесінде 24 науқас ем қабылдауда, олардың 2-коронавирус, ал қалғандарына пневмония диагнозы қойылған. Ауырғандардың - 13-і ер адам болса, 11-әйел. Жағдайы орта дәрежедегіердің саны - 19, 5 адам - ауыр жағдайда. Аса күрделі жағдайда жатқан науқастар жоқ. Науқастардың орташа жасы - 58. АРҚТБ-4 науқас жатыр, 4-і кислород концентратына қосылған.