© Әлеуметтік желіден алынған
Індеттің алдын алу мақсатында Бас санитар дәрігердің Қаулысына сәйкес әкімдік қызметкерлері және жергілікті полиция өкілімен бірлескен топ қаладағы бірнеше нысанға кезекті мониторинг жүргізді. Рейд барысында 14 шағынауданда орналасқан “PR” мейрамханасы мен 3 шағынаудандағы “Marmelad” лоунж барының жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Олар Маңғыстау облыстық Бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 21-қазан күнгі № 42 Қаулысындағы кафелер мен мейрамханаларға сағат 22.00-ге дейін ғана қызмет етуге рұқсат делінген ережені сақтамай, жасырын қызмет көрсеткен. Қоғамдық ас ішетін орындағы тұтынушылар ғимараттан шығарылып, нысан иелерінен түсініктеме алынып, хаттама толтырылды.
Аталған нысан иелеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425 бабына сәйкес, 30 бен 200 АЕК аралығында айыппұл салынбақ.