Бүгін Ақтау қаласы әкімдігінің дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері «Ақбота» саябағында таңғы жаттығу жасады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жаттығу 10 минутқа созылды.
Еске сала кетейік, кеше ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дене жаттығуымен шұғылданудың үлгілік қағидаларын бекіткен болатын. Енді бөлім қызметкерлері алдағы жұмыс күндері таңғы жаттығуды тұрақты жүргізбек.