Маңғыстауда 05 қарашадағы жағдайға сәйкес I-II деңгейлі инфекциялық стационарда 64 адам ем қабылдап жатыр. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты облыстың коммуникация орталығына сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 64 науқастың 7-де коронавирусқа тапсырған сынама оң нәтиже көрсеткен.
Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде 6 науқас жатыр. Олардың жағдайы ауыр халде.
Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп.
Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 19 пайызды құрайды.
Облыс көлемінде 335 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны 43.
Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.