Маңғыстауда қазан айынан бастап көкөністің бағасы төмендеді. Пияз – 2,4%, картоп – 3%, сәбіз – 5,7%, қызылша 2,2%. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық статистика Департаменттің басшысы Римма Утюшева мәлім етті.
«Биыл қазанда бағаның 1 – сұрыпты бидай ұнына – 0,5%-ға, қарақұмық жармасына – 1,6%–ға, 1 және 2 – санаттағы жұмыртқаға – 10%–ға, сиыр етіне (сиыр еті бөлігі) 101,1, шошқа етіне (шошқа еті бөлігі) 101%, шошқа етіне (жауырын бөлігі) – 102,6%, сүйектері бар қой етіне - 102,9%, қой етіне (сүйегі бар артқы бөлігі) – 102,2%, ультрапастериализацияланған стерильденген сүтке - 101,1%, сүзбе 5-9% майлылығы - 101,5%, алма - 103,2%, апельсин - 105,8%, майшабақ - 106,4%-ға, секер – 109,5%-ға, күнбағыс майы – 103,8%-ға өскені байкалды», - деді ол.
Қазан айының басынан бастап әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларына бағаның өсуі алдын ала деректер бойынша 103%-ды; тауық еті (тауықтың бір бөлігі) 3,9%-ды, күнбағыс майы (7,9%-ды), картоп 2,1%-ды, басты пияз 1,9%-ды, қырыққабат 1,6%-ды, 1-санаттағы жұмыртқа 17,3%-ды, құмшекер 9%-ды құрады.