Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметі атап өткендей, аталған департамент осы жылдың наурыз айынан бастап Маңғыстау облысы Полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасымен бірлесе жедел шараларын өткізген еді.
Қылмыстық-атқару жүйесі басқармасындағы қылмыспен күресушілер жазалауды орындау тәртібін бұзушыларды анықтау және оларды тіркеу бойынша нақты іс-қимыл алгоритмін жасақтады.
Анықталғандай, олар аймақтағы қылмыс әлеміндегі байланысын пайдалана отырып, колонияға ұялы телефондар мен есірткі жеткізуді ұйымдастыруға тырысқан.
"Осы әрекеттерді жүзеге асыру барысында сотталушылар барлық іс-қимылдарын алдын ала жан-жақты ойластырған. Яғни, колонияның периметрі, колонияға көліктің келуіне мүмкіндік бермейтін, бірақ қылмыс жасаушыға оқиға орнынан тез қашып үлгеруіне мүмкіндік беретін ені 2,5 метрлік қазылған шұңқырларды өз мақсаттарына жақсы пайдалана алған, сондай-ақ азаматтық тұлғалардың міндеттерін анықтап, олардың әлсіз жерлерде атқаратын іс-қимылдарын реттеп отырған. Қызметкерлердің жоғары кәсіби біліктілігінің арқасында біз бостандықта жүрген "жеткізушілерді", сондай-ақ есірткі мен ұялы телефондардың тасымалдану және таралу деректерін анықтадық", дейді Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Руслан Оразбаев.
Шара нәтижесінде сотталушыларға қатысты мойындау көрсеткіштерін берген Маңғыстау облысының екі азаматы ұсталды. Ақтау қалалық соты жатын орындары мен жеке бұйымдарын тінту арқылы үш сотталушыны ұстауға санкция берді. Қазіргі уақытта күдіктілер Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изолияторына жеткізіліп, тергеу амалдары жүргізілуде.
Дереккөз egemen.kz