Жұма күні Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай бастаған әкімшілік қызметкерлері қалалық «Бекет ата» мешітіне арнайы атбасын бұрды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мешіттің тыныс-тіршілігімен танысқаннан кейін, қала басшысы Нұрдәулет Игілікұлы, ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, қалалық «Бекет ата» мешітінің бас имамы Қайрат Маманбаев, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысқан жиналыс барысында қалалық мешіттің орнында жаңадан салынатын құлшылық үйінің жоспары талқыланып, бірауыздан бекітілді.
Сонымен қатар, бұл жиналыста Ақтау қаласының 34-ші ықшамауданында жаңадан салынатын 200 орындық мешіттің мәселесі қарастырылды.