Өлкенің мұнай өндірісін игеруге, өркендетуге тікелейатсалысқан және қарапайым еңбегімен елінің игілігін еселеген еңбек батыры,Ұлы Отан соғысының ардагері Қайыр Қыдырбаев дүниеден озды.
Қайыр Қыдырбаев 1922 жылдың наурыз айында Түркіменстанның Мары облысындажылы дүниеге келген. 1941 жылы 19 жасында соғысқа аттанған ол Ұлы Отан соғысының бас-аяғына дейін қанды майдан жолымен жүріп өтті.
Майдандамаршал Рокоссовскийдің дивизиясына қарасты 82-ші батальонның құрамында Белоруссияны жаудан азат етуге қатысты. Германияға дейін жауды тықсырақуып, Берлин қаласына дейін барған. Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа Тутіккен тарихи сәтінің куәгері.
Белосток қаласын, Гнев және Староград,Гданьск қамал-қаласын, Германияның Штральзунд, Гриммен, Деммин, Мальхин,Варен, Везенберг қалаларын, Варшава қаласының солтүстігіндегі Наревөзенінің батыс жағалауын жаудан азат еткені үшін бірнеше мәртемарапаттауларға ие болды. 1-дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін»,«Беларусь Республикасын неміс басқыншыларынан азат етудің 60 жылдығы»медальдарымен марапатталған.
Елге жеңіспен оралған соң Қайыр Қайырбаев соғыстан қалжыраған халықшаруашылығын қалпына келтіру ісіне атсалысты. Сол кездердегі қиындықтарды жеңе жүріп, ел игілігі үшін аянбай еңбек етті. Түркменстан елінен Маңғыстауға қоныс аударған соң да Қайыр Қайырбаев Маңғыстаудың мол мұнайын игеруге атсалысып, арнаулы техника жүргізіп, мұнай саласында 17 жылдай еңбек етті. Жетібай кенорнының дамуына айрықша үлес қосқан ол 1988 жылы құрметті еңбек демалысына шықты.