Облыста 122 бірлік ИВЛ аппараты бар, оның ішінде 53 аппарат науқастарды емдеуге іске қосылған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сонымен бірге, қосымша «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ - 20 аппарат, «NCOC» компаниясы - 12 аппарат, «Қаражанбас» АҚ – 30 оттегі концентраторларын сатып алуға демеушілік көрсетті. 40 аппарат республикалық бюджет есебінен толықтырылды. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен қосымша 30 бірлік оттегі концентраторлары сатып алынуда, делінген МО ҚКО таратқан ақпаратта.
Сонымен бірге өңірді медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге атсалысып, үлестерін қосып жатқан азаматтар да бар. Құрылысшылар С. Мұсабаев, А. Жолдыбаев, Б. Оңдасынов, Ж.Әділбеков, И. Бимырзаев, Н. Күншығаров, С. Мұңалбаев, А. Керелбаев облысқа 25 дана оттегі концентраторын, Маңғыстау ауданына 15 дана «Боброва» аппаратын алдыруда. «Форте» банктың МОФ директоры А. Өрісбаев апта соңында жеткізілетін 4 дана оттегі концентраторына қолдау көрсетуде.
Сонымен қатар, «NCOC» компаниясы қосымша 8 дана ИВЛ аппаратын алдыруда. Сондай-ақ, 200 дана көпфункциялы медициналық кереует, 50 дана оттегі концентраторын, 1000 дана көп пайдаланылатын медициналық костюм мен 10 000 дана бір реттік медициналық костюмдерді сатып алуға қолдау білдіруде.
«МаңғыстауМұнайГаз» АҚ 1 дана КТ аппаратын сатып алуға және «Ерсай» компаниясы медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз етуге, қосымша «Олимп» лабораториясының жөндеу жұмыстарына қаржылай демеушілік көрсетуге және оны 10 000 ПЦР тестпен қамтамасыз етуге келісім берді.