Маңғыстау облысының бокс федерациясы Қазақстанның еңбек сіңірген үш бапкері коронавирустан қайтыс болды деп хабарлады.
«Өкінішке қарай, коронавирус спорт қоғамын да айналып өтпеді. Маңғыстау облысының федерациясындағы орны толмас қаза туралы қайғыра хабарлаймыз. Талантты әрі сауатты бапкерлер өмірден өтті. Олар жоғары ұлттық санаттағы судья, бокстан КСРО-ның спорт шеберлігіне кандидат Берік Ермағанбетов, бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері, Жаңаөзен құрамасының аға жаттықтырушысы Жеңіс Жарылғапов және Жаңаөзен бокс мектебінің аға жаттықтырушысы Ақылбек Теміров», - делінген ақпаратта.
Бапкерлер өңірдегі бокстың дамуына үлкен үлес қосты.
«Б.Ермағанбетов көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы болған. Ж.Жарылғапов еңбек жолында Қазақстан чемпиондары мен жүлдегерлерін тәрбиелеп шығарды. А.Теміров бокстан жаттықтырушы болып 30 жылдан астам еңбек етті. Оның ізбасарлары - Қазақстан чемпиондары. Маңғыстау облыстық бокс федерациясы бапкерлердің туғандары мен жақындарына, оқушыларына шын жүректен көңіл айтады. Олар мәңгі жадымызда сақталады», - делінген федерация таратқан ақпаратта.
Ж.Жарылғапов
А.Теміров
Б.Ермағанбетов