4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні. Тәуелсіздіктің мызғымас тұғыры, азаттықтың айшықты таңбасы мемлекеттік рәміздер күні мерекесі қарсаңында ҚР мемлекеттік рәміздер жөніндегі Маңғыстау облыстық комиссиясы жұмыс тобының мүшесі Ақмағанбетов Жетібай Білбалаұлымен сұхбаттастым.
- Жетібай Білбалаұлы, мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның негізгі функцияларына тоқталып өтсеңіз?
- Мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттау бағытында көтерілетін мәселелер өте өзекті және басты назарда болуы тиіс. Маңғыстау облысы әкімі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссиясының басты міндетіне мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау барысында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, жалпы осы саладағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіре түсу, олардың құқықтық қолдану тәжірибесін жаңғырту бойынша ұсыныстар әзірлеу, Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауын қалыптастыру жөнінде ұсынымдарды тұжырымдау және өзге де маңызды функциялар кіреді. Сондай-ақ комиссия өз құзіреті шегінде мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану жөніндегі қызметін уәкілетті мемлекеттік органдардың тексеруіне бастама жасауға, мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану мәселелері жөнінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмыс қорытындыларын зерделеуге, талдауға, жинақтауға, бұдан бөлек тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына мемлекеттік рәміздерді қолдану бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері бойынша тексеру және қызметтік тергеп-тексеру жүргізуді ұсынуға құқылы. Комиссия отырыстарының күн тәртібі, өтетін орны мен уақыты, алдағы жылға арналған жұмыс жоспары Комиссия төрағасы яғни облыс әкімі тарапынан бекітіледі. Жуырда ғана Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті лицензиаттар дайындаған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін мониторингілеу және пайдалану (сатып алу) жағдайларын анықтау мақсатында Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне мониторинг жүргізу жұмысына жауапты тұлғаны анықтап, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары бекіткен мониторинг жүргізу кестесін жасақтаған еді. Алайда, елімізде төтенше жағдайдың орнауына байланысты Маңғыстау облысының мемлекеттік органдарына бару арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін мониторингілеу және пайдалану (сатып алу) жағдайларына мониторинг жүргізу жұмысы төтенше жағдай аяқталғанға дейін шегерілді. Ендігі ретте облыстық комиссия алдағы уақытта жасақталған және бекітілген жоспарға сәйкес жүйелі жұмыс жүргізетін болады.
- Облыстық комиссия тарапынан атқарылған былтырғы жұмыстар қорытындысы қандай?
- Былтыр Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы және бірқатар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе Маңғыстау облысына лицензиаттар дайындаған қолданыстағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін мониторингілеу және пайдалану (сатып алу) жағдайларын анықтау мақсатында мемлекеттік органдарға мониторинг жүргізді.Маңғыстау облысына мемлекеттік Туды дайындаушы (лицензиаттар) бойыншабарлығы 119 мемлекеттік мекемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы берілген. Мониторинг нәтижесінде ҚР СТ 988-2007 ұлттық стандартының 3.4 тармағы, 3.4.1. тармақшасының талаптары бойынша тауарлық жазба белгіде 17 сәйкессіздік анықталды, сондай-ақ тауарлық жазба белгіде дайындалған күні және бұйым өлшемі, бұйым атауы дұрыс көрсетілмегендігі белгілі болды. Ал қалған 102 мемлекеттік мекемеге берілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы бойынша сәйкессіздіктер анықталмады.Маңғыстау облысына мемлекеттік Елтаңбаны дайындаушы (лицензиаттар) бойыншабарлығы 129 мемлекеттік мекемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы берілген, соның ішінде ҚР СТ 989-2014 ұлттық стандартының 5.1.2 тармағының талаптары бойынша тауарлық жазба белгіде 21 сәйкессіздік анықталды, тауарлық жазба белгіде шығарылған күні мен кепілдік қызмет мерзімі, өнімнің өлшемі көрсетілмеген және кәсіпорын мөрі қойылмаған, ал қалған 108 мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бойынша сәйкессіздіктер анықталмады.Мониторинг нәтижесінде Маңғыстау облысындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері бойынша анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат департаментке ұсынылып, жолданды.
- Мемлекеттік рәміздердердің талапқа сай қолданылуы –басты міндет. Осыған орай мемлекеттік рәміздердің ұлттық стандарты жайлы мәлімет беріп өтсеңіз?
- Өздеріңізге мәлім, Мемлекеттік Елтаңбамызға қатысты «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы. Техникалық шарттар» ұлттық стандарты 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Мемлекеттік Елтаңбамыз жаңа стандартқа сәйкес жарқыраған Жаңа Елтаңбаға айналды. Бұл жаңа стандарт Елтаңбаны орындаудағы түсіне қатысты шарттарға байланысты болды. Енді осы түстердің қаншалықты стандартқа сәйкес келіп тұрғанын қалай тексеруге болады? Адам көзқарасы ең нақты өлшеу аспабының бірі болып саналуы мүмкін, алайда ол түске қандай да бір сандық өлшем меншіктеуге немесе оны сол қалпында есте сақтауға дәрменсіз. Сондықтан, түс туралы ақпаратты өлшеу, тапсыру және сақтау үшін стандартты өлшеу жүйесі қажет.Стандартта түсті өлшеу үшін Спектрофометр құралы көрсетілген. Ондағы Профайлер бағдарламасы кіріс өлшемдері мен шығыс өлшемдерін салыстыра отырып, түстің нақты сипаттамасын жасайды. Сөйтіп, аталған құрал түс туралы мәліметтің үлгіге сәйкес келетіндігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Жаңа стандартта Елтаңбаның әрбір элементі ерекше көрсетілген, оларды модельдеуге арналған барлық өлшемдер, конструкторлық сызбалар берілген, сонымен қатар жаңа стандартта 2008 жылғы басылымда көрсетілмеген қажетті құрамдық элементтердің атауы көрсетілген. Сонымен қоса, айта кетер тағы бір маңызды дүние ҚР СТ 989-2014 ұлттық стандартына №1 өзгеріс 2018жылдың 1 қазанынан бастап енгізілді. Бұл өзгеріс біздің латын әліпбиіне көшуімізге байланысты болып отыр. Бұдан былай орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда орналастырылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбаларын латын графикасындағы «Qazaqstan» деген жазуы бар елтаңбаларды жоспарлы түрде ауыстыру Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 04.01.2019 ж. №20-11/13-56//18-03-10.17-2 тапсырмаларына сәйкес 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін жоспарлы түрде ауыстыру көзделуде.
- Ал Мемлекеттік Ту стандарты қандай болмақ?
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы — Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1992 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдарға қол қойды.Мемлекеттік Ту ортасында 32 сәуле тараған күн бейнеленген, күннің астында қалықтаған дала қыраны бар көгілдір түсті тікбұрышты кездеме. Ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын дайындау ҚР СТ 988-2007 мемлекеттік стандарты бойынша орындалады. Мемлекеттік туды жасап шығару арнайы қызмет болғандықтан, лицензияның болуын талап етеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы ҚР СТ 988-2007 мемлекеттік стандарты бойынша келесі жағдайларда міндетті түрде пайдаланылуы тиіс: Ғимараттарға тұрақты тiгiлген Мемлекеттiк Туға тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жарық түсiп тұруға тиiс. Мемлекеттiк Ту басқа да ғимараттарда (үй-жайларда) олардың иелерiнiң еркi бойынша көтерiлуi (тiгiлуi) мүмкiн. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын шет мемлекеттердің, қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың туларымен бір мезгілде көтергенде (тіккенде, орналастырғанда) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының көлемі басқа тулардың көлемінен кіші болмауға тиіс. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы басқа тулардан төмен орналастырылмайды.Қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туымен бірдей болмауға тиіс.ҚР СТ 988-2007 мемлекеттік стандарты бойынша Мемлекеттік Туға қойылатын жалпы техникалық талаптар, қабылдау ережелері, бақылау әдістері, тасымалдау және сақтау шарттары қарастырылады. Осы стандарт Мемлекеттік Ту бейнесі түсірілген материалдық объектіге таралады. Стандарт ережелері Мемлекеттік Туды және оның бейнесі түсірілген материалдық объектілерді лицензиялау, дайындау және қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға арналған. Стандартқа Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу жəне метрология комитеті төрағасының 2011 жылғы 29 шілдедегі №380-од бұйрығымен өзгерістер бекітіліп, қолданысқа енгізілді.
Елдің тәуелсіздігін және егемендігін айқындайтын белгілер – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы және Мемлекеттік Гимні. Мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыру, жас буын өкілдерін отансүйгіштікге тәрбиелеу мақсатында ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты РМК Маңғыстау филиалымен және Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының қалалық және аудандық бөлімдерімен бірлесе облыс бойынща барлық қалалар мен аудандарда ҚР Мемлекеттік Рәміздерін қолдану, орналастыру тәртібі және ҚР СТ 989 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы», ҚР СТ 988 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы» ҚР ұлттық стандарттары бойынша әдістемелік түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Түсіндіру жұмыстары барысында мемлекеттік рәміздер арнайы мемлекеттік Заңдар мен ұлттық стандарттарға сәйкес дайындалатыны, оларға қойылатын талаптар реті, оларды қолдану және орналастыру тәртібі, сонымен қатар соңғы енгізіліп жатырған өзгерістер мен толықтырулар туралы жалпы ақпараттар берілуде.Осындай ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде біз жастардың Отанға деген, оның тәуелсіздік нышандарына деген құрмет сезімі, патриотизм рухы арта түсетіндігіне сенеміз.
- Пайдалы мағлұматыңызға рахмет!
Голрох Жеменей