Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы статистика департаментінің басшысы Римма Утюшева айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
2020 жылдың 1 наурызында облыстағы халық саны 702 953 адамды құрады. Оның ішінде қалалықтар 279 120 (39,7%), ауылдықтар 423 833 адам (60,3%). 2020 жыл басымен салыстырғанда халық саны 4 мың адамға немесе 0,6%-ға өсті.
2020 жылғы қаңтар-ақпан 2019 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда облысқа келгендер 1,7 есе, ал кеткендер саны 1,6 есе өсті. Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болып жатыр. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі тиісінше 94,4% және 87,8% құрады.
Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 1,7 есе көбейді. Облысаралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің бір қаласында, және 4 ауданында: Жаңаөзен (76 адам), Мұнайлы (156 адам), Бейнеу (9 адам) Түпқараған (46 адам), және Маңғыстау (8 адам) аудандарында байқалды.
Тұрмыс деңгейі
2019 жылғы IV тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 144 342 теңгені құрады, бұл 2018 жылғы IV тоқсанға қарағанда 2,3% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 3,4% төмендеді.
Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы
2019 жылғы ІV тоқсанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 16,1 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші (экономикалық тұрғыдан белсенді халық) санына шаққанда 5% құрады. 2020 жылғы наурыздың соңына жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны 12 802 адамды құрады, экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 4% құрады.
2020 жылғы І тоқсанда бір қызметкерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 323 642 теңгені құрады, алдыңғы жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 112,4%-ға көбейді, нақты жалақы индексі 105,9%-ды құрады.
Бағалар
Тұтыну бағаларының индексі 2020 жылғы наурыз айында 2019 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 102,6% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар - 3,3%, азық-түлік емес тауарларына - 1,4%, ақылы қызметтер - 2,9%-ға өсті.
2020 жылдың наурыз айында нан өнімдері мен жарма өнімдеріне - 1%, макарон өнімдеріне - 0,4%, ет пен құсқа - 0,9%, шұжықтар, еттен дайындалған өнімдерге - 0,8%, балық және теңіз өнімдеріне - 1,4%, сүт өнімдеріне - 0,7%, жеміс-жидектер мен көкөністерге - 5%, алкогольсіз сусындарға - 1,8%, алкогольді сусындар, темекі өнімдеріне - 0,3% қымбаттады.
Бағаның төмендеуі жұмыртқаға - 1,7%, құмшекерге - 0,9% белгіленді.
Киім мен аяққиімге - 0,9%, үй тұрмысына қажетті заттар, тұрмыстық техниканың бағасы - 1%-ға қымбаттады. Денсаулық сақтау қызметінің тарифы - 0,3%-ға, көлік қызметі - 20,1%-ға, демалыс және мәдениет - 0,4%-ға өсті. Биыл наурыз айында Маңғыстау облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 36 150 тенгені құрады.
Өнеркәсіп
2020 жылғы қаңтар-наурыз айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 625,1 млрд теңгені, өнеркәсіптік өндірістің индексі 101% құрады.
Инвестициялар 2020 жылғы қаңтар-наурыз айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 105228,7 млн теңгені құрады, бұл өткен жылғы кезеңімен салыстырғанда 27,6%-ға көбейді.
Тұрғын үй құрылысы
2020 жылғы қаңтар-наурызда пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 349 мың шаршы метрді, оның ішінде жеке құрылысшылар салған 238 мың шаршы метрді құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақты көлемінің индексі 2019 жылғы қаңтар-наурызға 94,7% құрады. 2020 жылғы қаңтар-наурызда халық салған тұрғын үй құрылысының 1 шаршы метрінің орташа нақты шығындары - 82,9 мың теңгені теңгені құрады.
Құрылыс
2020 жылғы қаңтар-наурызда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 28 829,9 млн теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 1%-ға көп.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл, орман және балық шаруашылығының ішкі өнімінің көлемі 2020 жылғы қаңтар-наурыздағы 3 197,1 млн теңгені құрады, оның ішінде 2 939,4 млн теңгені құрады, нақты көлем индексі (НКИ) 2019 жылмен салыстырғанда 1% өсті және 101% құрады.