Маңғыстау облысында төтенше жағдайға байланысты табыстан айырылған 146 мың адамға 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем тағайындалды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әлихан Қыраубаев мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Әлеуметтік төлем алу үшін 295 мың өтініш түскен. Оның ішінде 146 мың өтініш тіркеуден бас тартылды. Ал табысынан айырылған 146 мың адамға 1 ең төменгі жалақы көлемінде әлеуметтік төлем тағайындалды (барлығы 5,7 млрд. теңге төленді).