Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық инвестициялар және туризмді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Талғат Әбдіқадыров мәлім етті.
Облыс бойынша осы жылы экономиканың түрлі салаларында 17 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Жобалар аясында 1200-ден астам жұмыс орны құрылмақ.
Алайда, елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты, көптеген жобаның іске қосу күндеріне түзетулер енгізілмек. Кейбір жобаның кешіктірілуі - шетелдік жұмыс күшінің келуіне байланысты.
2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 105,2 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,6%-ға артық.
Өтініш берушілердің мәліметтері бойынша, 17 жоба 2020 жылдың соңына дейін іске қосылады деп жоспарланып отыр. Карантиндік режим біткеннен кейін алдағы уақытта 5 жоба жұмысын бастамақ.
Облыс әкімдігі өз тарапынан инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде түрлі әкімшілік мәселелерді шешуге барынша жәрдем көрсетіп жатыр