Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облысында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары әзірленді. Кешенді жоспар аясында 19 мыңға жуық адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысады. Оның 8 мыңнан астамы тұрақты жұмысқа орналасады.
Сонымен қатар қысқа мерзімді кәсіби курстарды бітірген 840 адам жұмыспен қамтылады. 624 азамат үшін шағын несие қарастырылса, 635 адам жаңа бизнес-идеяларын орындау үшін мемлекеттік гранттармен қамтамасыз етіледі. Ал 376 адам жастар тәжірибесіне жіберіледі.
Кешенді жоспарды іске асыру басталып кетті. Ниет білдірушілер жергілікті жұмыспен қамту орталықтары мен бөлімдеріне хабарласа алады.