Маңғыстау ауданында COVID-19 бойынша ең бірінші тіркелген 2 науқастың бірі бүгін ауруханадан шығарылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты МО ақпараттық қызметіне сілтеме жасап.
1980 жылы туған әйел адам 10.04.2020 жылы аудандық аурухана жанындағы жұқпалы аурулар бөліміне «Коронавирустық инфекциясының» нақтылануы бойынша жатқызылған болатын. Барлық протоколдық емдеу шаралары қолданылды. Қосымша «Қант диабеті» ауруымен де емделді. Соңғы 3 рет тапсырған талдау нәтижесі оның бойында вирустың жоқтығын дәлелдеді. Аудандағы қалған үш науқастың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.
Жалпы Маңғыстау облысында 5 адам қауіпті індеттен жазылып шықты.