21 сәуірде «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің алаңында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Көшекбаев Кенжеболат Қуандықұлының қатысуымен тiкелей эфир өтеді.
Тікелей эфирге «Маңғыстау облысының коммуналдық төлемдер үшін тариф бағасы төмендеді» тақырыбы арқау болады. Айтар ұсыныс-пікірлеріңіз болса қазірден бастап сұрақтарды жазбаша қалдыруға немесе 21.04.2020ж. сағат 15:00 - 16:00 аралығында «Facebook» әлеуметтік желісінде (осы парақшада) тiкелей эфирде сұрақтарыңызды қоя аласыздар.