© tengrinews.kz
Ақтау қаласының 34 шағынауданында 900 орындық мектеп құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімідiгi хабарлады.
2019 жылдың желтоқсан айында іргетасы қаланып бастаған білім ошағының құрылысы жоспарға сәйкес 2021 жылдың тамыз айында аяқталуы тиіс болған. Дегенмен, қала халқының өсуі мен оқушылар санының артуына байланысты, құрылыс қарқынын арттырып, жаңа 2020 жылдың оқу жылында мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Эльдар Машырықовтың айтуынша қазіргі кезде құрылыс жұмыстарының 50 пайызы аяқталған.