Маңғыстау облысы бойынша 2019-2020 жылдардағы жылыту маусымы штаттық режимде өтіп жатыр. Барлық нысанға 100% жылу беріліп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
ҚР-ның Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылдың 15 наурызындағы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығы 15 сәуірден 30 сәуірге дейін ұзартылған болатын.
Осыған орай ауа-райының қолайсыздығы және де төтенше жағдай кезінде облыс тұрғындарының үйде болуына байланысты жылыту маусымы 15 сәуірден 25 сәуірге дейін ұзартылады.
Қазіргі таңда 434 білім беру ұйымы, 102 денсаулық сақтау, 140 мәдениет объектісі мен 1654 көп қабатты тұрғын-үй нысаны жылумен қамтамасыз етілді.