Ақтауда «Covid-19» вирусын жұқтырған бір пациент жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты МО қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Ал қалған үш әйелдің жағдайы қанағаттанарлық.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Маңғыстауда коронавирус індетімен ауырып жатқан адам саны – 9. Ал бір науқастың бүгін аурудан айыққанын бұдан бұрын хабарлаған едік.
«Covid-19» вирусын жұқтырған Ақтауда 4, Жаңаөзенде 2, Маңғыстау ауданында 3 науқас ем алып жатыр.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ