Маңғыстау облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы ауруының өсуіне байланысты және оның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 148-бабының 1-тармағына және 21-бабының 13-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 01 сәуірдегі №7-БСДҚ «Маңғыстау облысының аумағында карантин режимін және шектеу шараларын енгізу туралы» қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың бірінші абзацы келесідей редакцияда жазылсын:
«Маңғыстау облысынының аумағында 2020 жылдың 15 сәуірі күні сағат 07:00-ден бастап 2020 жылдың 30 сәуірі күні сағат 07:00-ге дейін карантин режимі және келесідей шектеу шаралары енгізілсін:»;
1-тармақтың 1) тармақшасы келесідей редакцияда жазылсын:
«2020 жылдың 15 сәуірі күні сағат 07:00-ден бастап 2020 жылдың 30 сәуірі күні сағат 07:00-ге дейін халықтың өмір белсенділігін қамтамасыз етуші автокөліктерді қоспағанда, азаматтардың Маңғыстау облысының
аумағына кіруі мен шығуына тыйым салынсын»;
1-тармақтың 7) тармақшасы келесідей редакцияда жазылсын:
«жолаушылар және жұмыс пойыздары 2020 жылдың 15 сәуірі күні сағат 07:00-ден бастап 2020 жылдың 30 сәуірі күні сағат 07:00-ге дейін тоқтатылсын»;
1-тармақтың 8) тармақшасы келесідей редакцияда жазылсын:
«2020 жылдың 15 сәуірі күні сағат 07:00-ден бастап 2020 жылдың 30 сәуірі күні сағат 07:00-ге дейін Ақтау қаласының Халықаралық әуежайының барлық әуе рейстері, үкіметтік рейстерді қоспағанда және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Маңғыстау облысының аймақтық комиссиясының төрағасымен келісілген рейстерден өзгелері тоқтатылсын»;
1-тармақтың 9) тармақшасы келесідей редакцияда жазылсын:
«2020 жылдың 15 сәуірі күні сағат 07:00-ден бастап 2020 жылдың 30 сәуірі күні сағат 07:00-ге дейін теңіз айлақтарында азық-түлік, дәрі-дәрмектерді тасымалдаудан өзгелері, жолаушылар тасымалдау тоқтатылсын».
2. Меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалармен қаулының орындалуы міндетті болып табылады.
3. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілері арқылы халыққа хабардар етілсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерғали Сыдыманов