Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының инвестиция және туризмді дамыту басқарма басшысының орынбасары Талғат Әбдіқадіров хабарлады.
Маңғыстау облысы аумағында өнеркәсіп саласында 40-тан астам ірі және орта кәсіпорын жұмыс істейді.
Енгізілген төтенше жағдайға байланысты өңірдің ірі кәсіпорындары коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында барлық жиналыстарды телефон және бейнеконференция байланысы арқылы өткізуге көшті.Кәсіпорын қызметкерлері жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы пайдаланылмаған күндерімен еңбек демалысына жіберіліп жатыр.
Сондай-ақ, барлық мәдени-бұқаралық іс-шаралар тоқтатылып, кәсіпорындарда жедел штаб отырыстары күн сайын өтеді.