©
Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте МО әкімінің орынбасары Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Скат және Аэрофлот әуе компаниялары сәуірдің 30-ына дейін шет мемлекеттерге ұшуды тоқтататынын мәлімдеді.
19 наурыздан – 30 сәуірге дейін «Ақтау-Тбилиси-Ақтау»;
20 наурыздан - 29 сәуірге дейін «Ақтау-Астрахань-Ақтау»;
23 наурыздан – 30 сәуірге дейін «Ақтау-Махачкала-Ақтау», «Ақтау-Краснодар-Ақтау» әуе рейстерін тоқтатады.
Мәскеу мен Стамбұлға ұшатын әуе кемелері де сәуірдің соңына дейін жұмысын тоқтатты. Тек 22-наурызда «Ақтау-Мәскеу-Ақтау» және 24, 26 наурыз күндері «Ақтау-Стамбұл-Ақтау» бағыты бойынша соңғы рейстер ұшатын болады.
27 наурыз күні Тбилисиге Ақтаудан бір рейс ұшады.
Осы рейстердің тоқтатылуына байланысты авиакомпанияларға айыппұлсыз және жолаушыларға авиабилеттердің құнын толық көлемде қайтаруды ресімдеу ұсынылды. Авиабилеттерді қайтаруды рәсімдеу үшін жолаушыларға оларды сатып алу орны бойынша хабарласу қажет.