Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап mangystaumedia.kz сайты хабарлайды.
Қазір Ақтаудағы 81 бөбекжайдың барлығы штаттық режимде жасап тұр. Әр 2 сағат сайын ғимарат хлор препараттарымен тазаланып, санитарлық-дезинфекциялық шаралар жасалады. Балалардың қолы антисептикалық құралдар және сабынмен жиі жуылады. Осы мақсатта бюджеттен қаражат бөлініп, қажетті нәрселермен толықтай қамтылған.
Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Светлана Төлебаеваның айтуынша, балабақшаға баланы апару-апармау ата-ананың өзінің құқығында. Бүлдіршінді үйінде қалдыруды орынды деп шешкен ата-аналар тәрбиешілерге хабарласып, ескертсе жеткілікті. Балабақшаның өтемақысы баланың барған күніне ғана есептелінеді. Бұл жекеменшілік ұйымдарға да қатысты.
Мамандар төтенше жағдайға байланысты балабақшаға келіп жүргендердің саны едәуір азайғанын айтады. Қаладағы 46 жекеменшік, 34 мемлекеттік бөбекжайға 5142 бала барып жүр. Бұл төтенше жағдайға дейінгі бала санының 34%-ын құрап отыр.
«Алаңдаудың қажеті жоқ. Балабақшалардың барлығында жоспарлы негізінде жылына 4 рет жоспарлы дезинфекция жүргізілетін болса, бүгінгі таңда елдегі қауырт жағдайға байланысты жоспардан тыс дезинфекицялық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде және балабақшаның ішкі ылғалды хлор рестворлармен 2 сағат сайын жүргізіліп отыр», - дейді Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Светлана Төлебаева.