Ақтауда 18 наурыздан бастап қоғамдық көліктердің жүру аралығы ұзарады. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтауда қоғамдық көлікті пайдаланушы жолаушылардың саны күрт азайды. Осыған орай қоғамдық көліктердің жүру аралығы да өзгерді.
Енді №3 бағыттағы қоғамдық көлік әр 10 минут сайын, №2 бағыттағы қоғамдық көлік 10-12 минут, №5 қоғамдық көлігі 15-17 минутта жүреді. Ал №1 бағыттағы автобус 15-17 минут аралығында тұрақты жүргізіледі.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА