Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Венера Мұстапаева мәлім етті.
Бүгінгі таңда облысымызда 592 сауда орындары жұмыс істейді, оның ішінде 2 гипермаркет, 71 супермаркет, 490 минимаркет, 29 базар бар.
Оның айтуынша, сауда орындарында азық-түлік тауарлары жеткілікті, тапшылығы байқалмайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мәселесі қатаң бақылауда. Азық-түлік сататын дүкендер, супермаркеттер мен базарлардың жұмыс жасау уакыты санитарлық-дезинфекциялық кауіпсіздік шараларын сақтай отырып, бұрынғы қалпында қалады.
Ірі сауда орындарына күндізгі сағат 10:00 – кешкі сағат 18:00-ге дейін жұмыс жасауға шектеу қойылды. Тұрмыстық тауарлар мен киім-кешек сататын базарлардың жұмыс уақыты сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін шектелді.
Қоғамдық орындар мен ғимараттарда тұрақты түрде санитарлық-дезинфекциялық іс-шаралар ұйымдастырылып отыр.
«Кафелер мен ресторандардың жұмыс уақытына 22:00-ге дейін шектеу қойылды және оларға келушілер саны 50 адамнан аспауы керек. Облыс тұрғындарын сақтық шараларын қатаң түрде сақтауға шақырамыз», деді жауапты мамандар.