Олар коронавирус инфекциясына байланысты 1Б санатқа кіретін Франциядан келген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облыстық тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Эпидемиологтар үш әйелдің круиз лайнерінде Италия мен Испанияға барып демалғанын анықтаған. Олар коронавирусты жұқтырғандармен байланыс жасамағанын айтып, қоғамдық орындарда болмай тек қалада бір күндік саяхат жасағанбыз деп түсіндіреді.
"Олардың денсаулығын круиз лайнерінің медицина қызметкерлері тексерді. Қазіргі таңда олардың денсаулығына шағым жоқ, олардың екеуі туыс, жеке тұрады, пәтерде өздерінен басқа ешкім тұрмайды. Үшіншісі де жалғыз тұрады және туыстарымен байланыс болмайды. Үй карантинін сақтау туралы міндеттемелер бұзылған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы қолхат алынды. Олар 14 күнге үй карантиніне жатқызылды. Сондай-ақ, ҚХР-да болған азаматымыз осы рейспен ұшып келді, қазір ол медициналық қадағалауда карантиндік стационарда жатыр. Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ", - деп хабарлады департамент.