Аймақтағы жоғарғы оқу орындары мен колледждер қашықтан оқу режиміне көшеді. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Студенттер 15 наурыздан бастап онлайн режимде дәріс алады.
«Мектеп оқушылары 16 наурыздан 5 сәуірге дейін каникулдық демалысқа шығады. Әдетте орта білім беру ұйымдары 21 наурыздан бастап демалысқа шығатын еді. Облыста коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында оқушыларды бір апта бұрын демалысқа шығарамыз», - деді Қаныбек Жұмашев.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН