• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 18 Қырк. 2020

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтау қалалық №2 емханасының директоры тағайындалды ...

Маңғыстауда 5 отбасы баспаналы болды...

Праймериз 2020 электрондық дауыс беру...

Анталияда саябаққа Абайдың есімі берілді...

Рейд: Ақтауда карантин талаптарын сақтамаған кәсіпкерлік нысандар анықталды...

  • BRL: 80.74 ₸
  • HUF: 13.84 ₸
  • CAD: 320.31 ₸

Бекзат ЖҮСІП, «Mаńǵystаý»телеарнасының директоры: Аймақтың мәселесін ашық айтайық

12 наурыз, 09:21  |  Маңғыстау жаңалықтары

- Көпшілік сізді Маңғыстаудың төл перзенті деп біледі. Дегенмен, әңгімемізді өзіңіз туралы дерекпен бастасақ...

- Мен Маңғыстаудың тумасымын. Араға 11 жыл салып алғаш еңбек жолын бастаған қара шаңырағыма қайта оралып отырмын. Осыған дейін «Алматы», «КТК», «Хабар» телеарнасының жаңалықтар қызметінде тілші, диктор, шеф-редактор, продюсер қызметтерін атқардым. Әр жерде қызмет етуім маған оң әсер етті. Өйткені әр телеарнаның бағыты, стилі, қозғайтын тақырыптары бөлек. Жалпы мен бір позицияда 2-3 жылдан артық отырғым келмейді. Өйткені күнделікті жұмыс, бірқалыпты тіршілік мені құлдырауға алып келетіндей көрінеді. Сондықтан мұндай жағдайда сол ұжымның ішінде позиция ауыстыруға, не басқа мүмкіндіктерді қарауға тырысамын. Бұл менің тұрақсыздығымды білдірмесе керек. Кейін мемлекеттік қызметке келіп, 2013-2016 жылдары Қызылорда облысының әкімінің баспасөз хатшысы болдым.

- Журналистикадан баспасөз хатшылығына келудің артықшылығы көп пе, әлде кемшілігі ме?

- Бастапқыда қиын болды. Өйткені кешегі жазып жүрген ақпараттарым басқаша реңк алды. Баспасөз хатшысы болғанда ұққаным, мықты журналист мықты баспасөз хатшысы бола алмауы мүмкін. Себебі баспасөз хатшысына жақсы жазумен қатар, менеджерлік қасиет қажет. Адамдармен тіл табысу, журналистермен бірігіп жұмыс істеу осы саланың басты талабы. Сондай-ақ, орталықпен байланыс көп нәрсеге әсер етеді. Кейде өңірлердегі баспасөз хатшысы мықты болуы мүмкін, алайда орталықпен байланыстың болмауы жұмысыңа кері әсерін тигізбей қоймайды.

- Араға уақыт салып, туған жерге оралдыңыз. Аймақта жұмыс істеудің ерекшелігі қандай?

- Қызығы мен қиындығы бірге жүреді, жүктелген жауапкершілігі көп. Қиындығы туыстық, ағайынгершілік қарым қатынас салдарынан десем, жақсысы да осы жағынан дер едім. Кейде «мына хабарды шығарып жіберші не шығармай-ақ қойшы» деген қоңырау, хаттар болады. Алайда мен шамам келгенше журналистерімді қорғауға тырысамын. Ал үлкен жоба, халыққа пайдалы дүние жасап жатқанда ағалар тарапынан қолдау табу оңай. Оның бір мысалы ретінде телесериал түсірілімі кезіндегі қолдауды айтуға болады. Тағы бір жақсы тұсы мен туған жеріме оралдым. Бәрі саған үмітпен, сын көзбен қарайды. Мен де сол үдеден шыға аламын ба деген іштей алаң, жауапкершілік пен зор үміт бар. Мен осыны анық сезінемін.

- Аймақ телеарналарында сериал түсіру жоқ деуге болады. Мұндай игі идея қалай келді?

- Маңғыстаулық режиссер, оператор Рахман Кенжебаев, журналист Алмас Алтай үшеуміз әңгімелесіп отырып, Маңғыстауда осыған дейін бірде-бір телесериал түсірілмегендігін тілге тиек еттік. Ақылдаса келе неге түсірмеске деген ой келді. Бірақ қолымызда еш қаражат жоқ, тек энтузиазм, жалындап тұрған идея ғана. Біздің телеарнада телесериал түсіруге қаражат қарастырылмаған. «Қаржы жоқ, анау жоқ, мынау жоқ» деп отыра бергеннен не шығады. Осыны бастау керек, біз бірінші болайық деген ой туды. Сериал түсіру оңай жұмыс емес. Өзіне тән қиындығы мен қызығы көп. Қаржылық, ұйымдастыру жағы үлкен шаруа. Шығын біз ойлағаннан да көп екен. Мойындау керек, өңірімізде кино саласындағы мамандар жоқ. Сапалы дүние жасау үшін арнайы Алматыдан кәсіби мамандар шақыртуға тура келді. Біраз табалдырықты тоздырдық. Алайда «шешінген судан тайынбас» деп істі соңына дейін жеткізуге бел будық. Осы орайда облыс әкімдігіне, Ақтау қаласы әкімдігіне, жеке компанияларға алғысымды айтқым келеді. Бір айта кетерлігі, Маңғыстауда қазақылықтың қаймағы бұзылмай, сақталғандығы. Қай жерде де көмек қолын созуға дайын тұратын азаматтар жетерлік. Тіпті, Алматыдан келген түсірілім тобының өкілдері де осыған таңданыс білдірді. «Сіздерде қазақылықты қай жерден де байқауға болады, ал Алматыда «елдік мүдде» деген нәрсе жүрмейді, көбіне тек ақшаға тіреледі» дейді. Әрине осы топырақтың азаматы ретінде мұндай мақтау сөзге мен де марқайып қалдым.

"Тұмар" телесериалынан көрініс

- Актерлік құрам қалай іріктелді?

- Актерлердің барлығы осы өңір тұрғындары. Біздің әуелгі талабымыз да осы болған еді. Маңғыстаудағы алғашқы сериалы болғандықтан, актерлердің осы жерден болғанын дұрыс көріп, кастингпен іріктеп алдық. Сондай-ақ, Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының әртістері де бар. Бұл процестің тез жүруіне, телесериалдың сапалы шығуына ықпал етеді деп ойладық. Жалпы киноға бұрын түспеген, алайда көзінде оты, қабілеті бар жастарды тарттық.

- Телесериалдың басты идеясы қандай?

- Жанры – драма, аздап сарказм бар, өмірлік оқиғаларға негізделген. Сапалы, арнайы жазылған сценарий бойынша түсіріп жатырмыз. Негізі дайын сценарий болды, алайда өңірдің ерекшелігі мен табиғатына ыңғайлап қайтадан жаздырдық. Басында 16 сериалы болады деп жоспарлағанбыз, алайда 12 серияға сыйдырдық. Қазірге дейін сериалдың 70 пайызы түсірілді. Сәуірдің соңы, мамырдың басы сериалды жарыққа шығарамыз деп жоспарлап отырмыз. Барлығы ойдағыдай шығып жатса мұны республикалық телеарналарға ұсыну туралы да сөйлестік. Мұндағы басты мақсат – туризмге жол ашу, Ақтаудың көрікті келбетін көрсету және жаңа актерлерді халыққа таныту.

- Ал енді телеарнаға қарай ойыссақ. Ақпарат таратуда неге ерекше мән бересіздер?

- Жасыратыны жоқ, бұрынырақта әкімшілік, билік тарапынан «ананы бермеңдер, мынаны беріңдер» деген кейбір шектеулер болғаны рас. Алайда, басшылыққа келгенде аймақ басшылығына осыны түсіндіріп айттым. Қазір әлеуметтік желі, интернеттің заманы. Еш жайтты жасырып қалу мүмкін емес. Қайта біз БАҚ, әкімшілік осы жайттарды беруге мүдделі болуымыз қажет дедім. Себебі біз ақпаратты бірінші берсек, адамдардың ішкі буын аламыз. Екіншіден, БАҚ құралдарында жан жақты сарапталған, сауатты дүние шығады. Ал әлеуметтік желіде ақпарат көп жағдайларда біржақты, эмоцияға негізделген форматта таралады. Ал журналистердің басты міндеті – ешқандай артық пікірсіз, эмоцияға берілмей, мәселенің мән-жайын анықтап, қашан шешілетінін жеткізу. Осы жағына келгенде дәстүрлі медиа ұтады. Сондықтан билік сол мәселенің дәстүрлі медиадан шығуына мүдделі болуы қажет. Егер әлеуметтік желі арқылы ғана таралса, қоғамда әртүрлі дүрбелең тууы мүмкін. Сондықтан оқиғаның салдарымен емес, себебімен күрескен әлдеқайда тиімді. Осыны облыс әкімі түсініп, қолдау білдірді. Тиісінше біз де аймақтағы әлеуметтік мәселелерді көтеріп жатырмыз. Мысалы, газ, армениялық көліктердің мәселесін өз деңгейінде талқыладық.

- Телеарнадағы техникалық үзіліс бұл бағдарламалардың аздығы ма, әлде басқа себеп бар ма?

- Бұл негізінен қаржылық мүмкіндікке байланысты. 4 сағатқа эфир шығару үшін бізге мамандар мен қаражат керек. Бұл уақытты қысқарту жоспарымызда бар, мүмкіндіктерді қарастырып жатырмыз. Қаржы, маман жетіспейді деп қол қусырып отырсақ ештеңе шешілмейді, кино да түсірілмейді. Кез келген нәрсенің бір шешімі болады. Әзірше, техникалық үзіліс кезінде Маңғыстаудың көрікті жерлерінің бейнесін беріп отырмыз.

- Телеарнаның 50 жылдығы қарсаңында өтетін жиындар мен арнайы жобалар туралы айтып өтсеңіз?

- Маған дейін арнаны жиырмадан астам адам басқарды. Бұл - үлкен жауапкершілік. Жарты ғасырда бұл шаңырақта талай тележурналистиканың жілігін шағып, майын ішкен тілшілер, беделді аға-апаларымыз қызмет атқарды. Мерейтойдың мақсаты – ас ішіп, аяқ босату емес. Бұл атаулы күн - өткенге үңіліп, не істелді, не істеуіміз қажет деген бағытта есеп беруге үлкен мүмкіндік. Медиажоспарымызды бекіттік. Таяуда Ардагерлер кеңесін құрдық. Жоламан Бошалақ, Қожахмет Демеуберген, Петр Долматов секілді елге танымал журналист ағаларымызбен ақылдасып, телеарнаға керек дүниелерді үшке бөлдік. Біріншіден, телеарнаның алдағы үшжылдық даму жоспарын дайындап жатырмыз. Оның ішінде кадр мәселесі бар. Осыны шешудің жолдарын ойластырып жатырмыз. Екіншіден, материалдық-техникалық базаның дұрыс болуын мақсат етіп отырмыз. Сондай-ақ құрал-жабдықтар мәселесі тағы бар. Мұны облыс әкімшілігі өзі қолдап, осы мерейтой қарсаңында ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қасымыздан жаңа телестудия ашуға көмектеспекші. Ал, Ақтау қаласы әкімдігі мерейтойға тарту ретінде телеарна алдындағы жолды жөндеп, абаттандырып бермекші. Үшіншіден, контент мәселесі. Телебағдарламада көбіне адамдарды кәсіпке үйрету жағына ден қоюымыз қажет деп ойлаймын. Әрине қайырымдылықпен айналысуымыз қажет, бірақ адамдарды көбіне масылдыққа емес, өз еңбегімен мал табуға үйретуіміз қажет.

- Осы мақсатта «Mangystau start-up» жобаларыңыз басталды

- «Mangystau start-up» бағдарламасына 200-ден астам ұсыныс түсті. Алайда оның бәрі «керемет» жоба емес. 50 жобаны іріктеп алып, тележобаға жібердік. Жобаға төрт маман бірігіп 1,5 млн теңге көлемінде грант ұсынды. Әрине бұл көп ақша емес. Алайда біздің басты мақсатымыз ақша тарату емес, осы арқылы көрермендерді ынталандыру, мүмкіндіктерді көрсету, мотивация беру. Жалпы өзім осы бағыттағы бағдарламаларды көптеп көрерменге ұсынғым келеді. Бұл әлемдік БАҚ-та бар үрдіс. Телеарнада жаңалық ойлап табудың қажеті жоқ. Өйткені бәрі ойлап табылып қойған. Тек жақсы дүниені өзіміздің менталитетімізге икемдеп, елге пайдасы тиетіндей етіп ұсынсақ болғаны. "Mаńǵystаý" телеарнасы – Маңғыстаудың алтын қоры. Ескі дүниелерді қайта жаңғыртып, жарыққа шығару да жоспарда бар. Сондай-ақ, мерейтой қарсаңында ғимаратымыздан мұражай ашқымыз келеді.

Мерейтой қарсаңындағы тағы бір жобамыз, Мұнайлы ауданында жүзеге аспақ. Бұл 3-4 жағдайы төмен отбасыға үй салып беретін тележоба болмақ. Бұл жобада Мұнайлы ауданының әкімдігімен бірлесе отырып, асарлатып үй саламыз. Біз апта сайын көмектескен адамдарды көрсетеміз. Мысалы, бір күн біз ұжымымыбен барып көмектесеміз. Айтарлығы, бұл жоба Ораза айы мен еріктілер жылына тұспа-тұс келіп тұр.

Cонымен қатар, көктемге қарай реалити шоу түсіруді жоспарлап отырмыз. Екі жүк талғамайтын көлікпен live бағдарлама ретінде Маңғыстауды екі аптада аралап шығамыз. Мақсат тарихи, туризмге әлеуетті орындарды, ауылдарды, қазақилық пен қонақжайлылықты көрсеткіміз келеді. Қатармызда еріктілер, мемлекеттік қызметшілер, өлкетанушы, тарихшылар да болады. Бұл идеямызды облыстың инвестиция және туризмді дамыту басқармасы құптап отыр.

- Шетелде оқып келдіңіз. Екі елдегі телеарналардың бағытын, бағдарламаларын салыстыра аласыз ба?

- Салыстыру қиындау әрине. Мысалы, өзім оқыған Ұлыбритания мен Қазақстанның телевизия нарығын қатар қойып қарай алмаймыз. Өйткені олар екі түрлі жағдайда өмір сүріп жатыр. Мысалы, біздегі телеарна, газеттер дотацияда отырса, олар өздері жекелеген коммерциялық компания. Мысалы, біз телеарналардың барлығын тегін көріп отырмыз. Егер ақша төле десеңіз, халықтың оны қабылдауы қиын. Ал шетелде осы үшін ақша төлейсіз. Мемлекеттен ақша алып отырғаннан кейін бәрібір де мемлекеттік саясатты жүргізуге тура келеді. Ал коммерциялық жағдайда рейтинг үшін, көрерменнің ыңғайына қарай жұмыс жасалады. Сондықтан салыстыру қиын. Бірақ біздің телеарналардың деңгейі төмен деп айтуға болмайды. Қазір сапа, технология жағынан телеарналарымызда ауыз толтырып айтарлық өзгерістер көп. Енді тек контенттің мазмұнына мән берсек болды. Сондай-ақ, шетелде телеарналардың телесериал түсіруі жақсы дамыған. Бұл жағынан бізде барлығы керемет демесек те алға ілгерілеу бар.

- Соңғы жылдары елімізде журналистика факультеттерін жабу керек, тек курс оқу жеткілікті деген пікірлер жиі айтылып жүр? Көптеген танымал журналистер өз курстарын ашып та үлгерді. Осыған сіздің көзқарасыңыз қалай?

- Екі түрлі пікірдемін. Бірақ мен төрт жыл оқуға қарсымын. Мысалы, мен студенттік жылдарымда толықтай сабаққа бардым деп айта алмаймын, қосымша осы салада жұмыс істедім. Тек осыны заңдастыру қажет деп ойлаймын. Мүмкін екі жыл оқып, қалған жылдары тәжірибеден өткеннен кейін диплом берілсе дұрыс болатын шығар. Сондықтан осының ортақ жүйесін табу керек шығар. 1-курста орыс тілі, тарих деген пәндерді қайталап оқудың қажеттілігі неде? Ал жаппай курстардың ашылып кеткеніне де қарсымын. Танымал адам кәсіби мықты маман деген сөз емес. Кәсіби деңгейі төмен, тек хайп, әлеуметтік желі арқылы танылған жандар не үйрете алады. Мысалы, жаза алмайтын тележүргізушілер бар. Оларды «говорящая голова» деп айтайды. Олардың жас журналистерге курс өткізгеніне қарсымын...

- Әңгімеңізге рахмет! Жұмыстарыңызға табыс тілейміз.

Әңгімелескен Мәдина ЖӘЛЕЛҚЫЗЫ

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

1236
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау жаңалықтары Қоғам Сұхбат
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Жағдайы төмен отбасыларға ақшалай сертификаттар табысталды

Келесі жаңалық

Ерғали Сыдыманов: Биыл Амал мерекесінде қол алыспаған абзал

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Бала құқығын қорғау – ортақ міндет

    1 маусым, 14:38
    621

    Жануарлар әлемін қорғау – ортақ міндет

    30 мамыр, 11:52
    561

    Р.Бектубаев: «Сын сағатта медициналық қызмет себепсіз үзілмеуі тиіс»

    20 сәуір, 10:23
    738

    Карантинде жатқан Ақтау тұрғыны: Көз алдымда болған оқиғаны ешқашан ұмытпаймын

    16 сәуір, 12:33
    750

    Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов өңірдегі өзгерістер туралы айтты

    18 наурыз, 14:39
    454

    Бекзат ЖҮСІП, «Mаńǵystаý»телеарнасының директоры: Аймақтың мәселесін ашық айтайық

    12 наурыз, 09:21
    1237

    Рубрикалар

      БейнеуҚызық дерекАнықтама бюросыБайланыс мәліметтеріМәселеТағайындауСараптамаЖарнамаМаңғыстауҚұқықХабарландыруанонс

    Автордың басқа да жазбалары

    Елімізде адамдарға коронавирустың қайта жұғуы тіркелген жоқ

    Бүгін 17:23
    23

    Жаңаөзенде спортпен шұғылданатын жастар саны артқан

    Бүгін 16:26
    54

    Бейнеу ауданында сервистік әкімдік ашылды

    Бүгін 14:04
    51

    Бану Нұрғазиева Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті болып сайланды

    Бүгін 12:31
    72

    Tengri Bank лицензиясынан айырылды

    Бүгін 11:30
    70

    Мағзұм Мырзағалиев қазақстандықтарды сенбілікке қатысуға шақырды

    Бүгін 10:41
    66

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»