Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханашылары және «Bookstart» жобасының қатысушылары халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс орталығындағы «Аналар үйіне» барды. Олар жас аналарды құттықтап, бүлдіршіндерге кітаптар мен ойыншықтар сыйлады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтаудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
««Bookstart» авторлық жобасы ата-ананың көмегі арқылы бала бойына кітап оқу мәдениетін сіңіруді көздейді. Әр жыл сайын Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Аналар үйіндегі» балаларға кітап сыйлайды. Үшінші жыл ұйымдастырылып отырған», - дейді аға-кітапханашы Жанар Бахитова.
Оқушылар аталған жобаға қатысқандықтарына өте қуанышты екендерін айтады.
«Аналар үйіндегі балалар ауысып тұрады. Сондықтан әр барғанда әртүрлі бөбектерді жолықтырамыз. Ойыншықтар сыйлап, олармен ойнап, көңіл-күйіміз көтеріліп қалады», - дейді 12-сынып оқушысы Нұрсая Сарғожаева.