© mugalzhar.kz
Мұнайлы ауданында жол-көлік оқиғасының салдарынан екі адам жараланып, бір адам көз жұмды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға орнында жан тапсырған адамның жас шамасы 25-30-да. Марқұмның кім екенін тәртіп сақшылары анықтамақ.
Бүгін таңғы сағат 8.30 шамасында «Шоғы» мейрамханасының маңындағы «Барыс» газ құю бекеті жолында екі автокөлік соқтығысқан. «103» қызметіне шақырту сағат 8.34-те түскен.
Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жедел жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Белгілі болғандай, 63 жастағы ер адам мен 23 жастағы жігіттің бас сүйегіне зақым келіп, миы шайқалған. Екеуі де Маңғыстау облыстық ауруханасының травматология бөлімшесіне жеткізілген, - делінген хабарламада.