Отпан тауда Амал мерекесіне орай өтетін қазақ күресінің жүлде қоры 1 млн теңге болады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бұл туралы «Балықшы ата» қоғамдық қорының президенті, биылғы Амал тойының ұйымдастыру алқасының төрағасы Қылышбай Көшербаев айтты. Ұйымдастыру алқасы түйе палуанына 500 мың теңге, 2-орынға 300 мың теңге, 3-орынға 200 мың теңге жүлде дайындаған.
Айта кетейік, қазақ күресінің додасы 14 наурыз күні 10.00-де басталады. Одан өзге, дәл сол уақытта арқан тартыс, қошқар көтеру, садақ атудан да сайыс өтеді.
Қошқар көтеруге 100 мың теңге тігілсе, садақ ату турнирінің жалпы жүлде қоры 150 мың теңге.
Ал көкпар мен аударыспақ ойындарының турнирі 13 наурыз күні 16.00-де басталмақ.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
Сурет авторы Талант ҚҰСАЙЫН