Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтау қаласы 32а және 31 ш/а қиылысындағы тас жолда екі жеңіл автокөлік соқтығысқан. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел жәрдем бригадасы жетті. Апаттан 31 жасар келіншектің жарақат алғандығы белгілі болды, ол Жаңаөзен қаласының тұрғыны.
Дәрігерлер жарақат алушыға жабық бас сүйек-ми зақым келген және миы шайқалған деген диагноз қойды. Зардап шегуші Маңғыстау облыстық ауруханасының травматология бөлімшесіне жеткізілді.