© фото очевидцев
Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі «Үш батыр» ғимараты жанындағы бұзылған асфальтты қалпына келтіруге қатысты сауалға жауап берді, - деп хабарлайды Mangystaumedia.kz сайты.
Ақтауда CAMC жүк көлігі шұңқырға түсіп кеткен. Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қазу жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары кезінде болғанын айтады.
Ақтауда энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшылығымен жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Осы жұмыс кезінде жүк көлігі шұңқырға түсіп кеткен, енді асфальт бетін қалпына келтірмес бұрын осы аумақтағы жылу желілерін қайта жаңғырту жоспарлануда, - дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі.
Полиция департаментінің хабарлауынша, жүк көлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылмайды.