"Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркіне қарасты «Тасорпа» мемлекеттік табиғи қаумалында фототұзаққа түскен аң-құстардың суреттері жарияланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
“Қызылсай” паркінің құрамына енетін “Тасорпа” мемлекеттік табиғи қаумалы 2012 құрылған.
Қаумал аумағы 160 мың гектарды құрайды. Бұл жер Бозашы жартыаралының солтүстік-шығысында орналасқан. Ал онда жабайы жануарлар мен құстар ежелден мекен етеді.
Соның ішінде “Қызыл кітапқа” енгізілген: қарақұйрық, қарақал, шұбар күзен, шағыл мысығы, үкі, дала қыраны, бүркіт, ителгі секілді көптеген аң-құстар бар», - деп жазылған Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ақпаратында.