© Архив
Маңғыстауда облыстық маңыздағы «Ақтау - Форт-Шевченко» автомобиль жолына шектеу енгізілді. Енді көлік жүргізушілері 24 қараша мен 11 желтоқсан аралығында бір жолақты жол жүрісі тәртібіне бағынады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Ақтау - Форт-Шевченко» автомобиль жолының 7 шақырымы мен 8 шақырымы аралығында («Hyundai Aktau» орталығының тұсы) инженерлік желі құрылысы жүріп жатыр. Соған байланысты көлік құралдарының жүрісіне шектеу енгізіліп отыр.
Көлік жүргізушілеріне жолда абай болуын, жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз.