Маңғыстауда полицейлер шетелдіктердің ҚР көші-қон заңнамасын сақтауын қадағалау бағытында рейдтік іс-шара жүргізді. Рейд "Құқықтық тәртіп" кең ауқымды операциясы аясында өтіп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Рейдте құрылыс объектілері, қоғамдық тамақтану орындары, базар, жатақханалар және т.б. жерлер тексерілді.
Бір күнде ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 52 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚБтК-тің 517-бабы 5-бөлігі бойынша 52 шетелдікке қатысты хаттама жасақталды.